Өткен тоқсанның қорытындысы бойынша, америкалық Apple компаниясының кірісі өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 36%-ға артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
26 маусымда аяқталған үш айлық есептік кезеңде Apple-дің кірісі 81,4 миллиард доллар болды. 2020 жылдың дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіш 59,6 миллиард доллардан әрең асқан еді.
Компанияның негізгі өнімі саналатын iPhone смартфондарын сатудан түскен кіріс көлемі – 39,5 млрд доллар.
1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы iPhone, iPad планшеттері, iMac компьютерлері, MacBook ноутбуктері, iPod музыкалық ойнатқыштары және басқа да жоғары технологиялық жабдықтар шығарады. Корпорация әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады. Forbes журналының дерегі бойынша, оның нарықтық капитализациясы шамамен 2,24 трлн доллар шамасында.
Табиғат Нұрболат