2021 жылдан бастап ірі америкалық корпорация смартфондардың жаңа моделін жылына екі рет сатылымға қояды. Бұл туралы CNBC басылымы хабарлады.
2011 жылдан бері Apple гаджетті сату мерзімін тұрақты түрде қыркүйек және қазан айларына белгілеп келген болатын. Яғни әр жылдың соңғы тоқсанында компанияның табысы өсіп, бірақ көктемнен бастап күзге дейін, керісінше, сатылым көрсеткіші төмендеген.
Ал екі жылдан кейін технологиялық корпорация бірінші жарты жылдықта екі модель, ал екінші жарты жылдықта тағы да су жаңа екі модельді халыққа таныстырып, саттыққа шығарады. Осылайша 6 айлық циклдің арқасында компанияның кірістілігі тұрақты бола бастайды, дейді сарапшылар.
Табиғат Нұрболат