iPhone енді Қытайдан емес, Үндістаннан шығарылуы мүмкін

235

Келер жылдан бастап, америкалық Apple iPhone құрылғыларын шығаратын өндіріс ошағы Қытайдан Үндістанға көшірілуі мүмкін, деп хабарлайды NDTV.

iPhone енді Қытайдан емес, Үндістаннан шығарылуы мүмкін Фото: Pixabay

Дональд Трамп Қытаймен байланысты азайту үшін Apple-ге осылай қысым көрсетіп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасының салқындағаны белгілі. Соған қарай енді Дональд Трамп Apple-ді Үндістанға көшіруді жылдамдатуға кірісті.

Ресми деректерге сүйенсек, компания Үндістанда бір жылда 22 млрд доллардың iPhone смартфондарын шығарған. Өндіріс орны өткен қаржы жылымен салыстырғанда 40%-дан астамға өсті.

Қазіргі уақытта Үндістан Apple-дің жаһандық iPhone өндірісінің шамамен 20%-ын құрап отыр, бұл елдің мобильді технология саласындағы маңызды рөлін айғақтайды.

Сарапшылар биыл Apple Үндістандағы жылдық өсімін 10-15% деңгейінде сақтайды деп болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу