Apple капиталы бір триллион доллардан асқан әлемдегі тұңғыш компания болды, деп хабарлайды 24.kz.
АҚШ биржасындағы сауда барысында акциялардың жалпы бағасы бір триллион 60 миллиард долларға жеткен. Ал бір құнды қағаздың бағасы 207 доллар 5 центке дейін өсті.
Сарапшылардың пікірінше, акцияның қымбаттауына компанияның осы тоқсандағы есебі түрткі болған. Оған сәйкес, Apple-дің ақшалай түсімі 17 пайызға артып, 53 миллиард 300 миллион долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу