Apple капиталы 3,5 триллион долларға жеткен алғашқы компания атанды

253

Сейсенбі соңына қарай бір акцияның құны 229 долларға жақындады. 

Apple капиталы 3,5 триллион долларға жеткен алғашқы компания атанды Фото: Pravda.com

Америкалық Apple корпорациясы тарихта бірінші болып 3,5 триллион долларлық капиталдандыруға қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты Quartz-қа сілтеме жасап.

Сарапшылар компанияның нарықтағы күрт өсуі компанияның өнімдеріне жасанды интеллект (ЖИ) енгізу туралы жақында жарияланған хабарландырумен байланысты екеніне сенімді.

Маусым айында Apple өзінің жасанды интеллектін ұсынды. Ол Apple Intelligence деп аталады және iPhone, iPad және Mac-қа арналған. Жүйе генеративті модельдердің мүмкіндіктерін "жеке контекстпен" біріктіреді. Apple Intelligence жүйесі аясында компания Private Cloud Compute Apple деректерді сақтайтын жеке бұлтын ұсынды. Ол пайдаланушыларға жаңа есептеу қуатын ұсынады.

ЖИ телефон қоңырауларының мәтіндік транскрипциясын, суреттер жасай алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу