Apple компаниясы Үндістанда өндіріс ашады

1133

Apple компаниясы Үндістанда өндіріс ашады

Apple компаниясының басшылығы Үндістан үкіметімен келіссөзді бастады. Бұл келіссөз барасында смартфон өндірісін ашу мәселесі талқыланбақ, деп жазады reactor.inform.kz.
Apple басшылығы аталған ел аумағындағы өндірістің жоспары жасалған құжаттарын жіберіп те қойған. Жақын уақытта бұл  құжаттармен сарапшылар танысуы тиіс.
Экономикалық сарапшылар жақын болашақта Үндістан смартфон шығаруда АҚШ-ты артта қалдырып, Қытайдан кейінгі екінші орынды еншілеуі мүмкін дейді.
Азия нарығына шығарылатын гаджеттер өндірісін Үндістанда ашу мәселесін қос тарап бұған дейін де талқыланған болатын. Бірақ компания басшылығы Үндістан үкіметімен бір келісімге келе алмаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу