Apple компаниясына соғыс туралы ақпаратты өшірмегені үшін айыппұл салынды

473

400 мың рубль мөлшерінде жаза тағайындалды.

Apple компаниясына соғыс туралы ақпаратты өшірмегені үшін айыппұл салынды Фото: Ашық дереккөзден

Мәскеудегі бітістіруші сот америкалық Apple корпорациясына 400 мың рубль көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері сот залынан хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Судья Тимур Вахрамеев компанияның жазасы "сот отырысында ұсынылған дәлелдерді ескере отырып" ең төменгі шегінен төмен тағайындалғанын түсіндірді, деп хабарлайды ТАСС тілшісі. Аталмыш бап бойынша компанияға салынатын айыппұл  800 мыңнан төрт миллион рубльге дейін болуы тиіс еді.

"Интерфакс" хабарлағандай, компанияға Украинадағы соғыс туралы "жалған ақпарат" бар қосымшалар мен подкасттарды, сондай-ақ "Ресей Федерациясындағы саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартуға бағытталған" ақпаратты өшірмегені үшін айыпталды. 

Соңғы жылдары бірқатар интернет-қызметтер - Google, Telegram, Facebook, Twitter, TikTok, Wikimedia қоры - тыйым салынған ақпаратты өшірмегені үшін Ресейде бірнеше рет жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу