АҚШ-тың ірі компаниялары АҚШ-тағы салық реформасын күтпестен осы аптада борышқорлық нарықтан қаржы тарта бастады.
Apple мен AT&T 10 млрд доллардың борышқорлық міндеттемесін жарияласа, бұған дейін осы аптада Microsoft 17 млрд доллардың облигациясын шығарды.
Dealogic мәліметі бойынша, 2017 жылдың басынан бері АҚШ-тың инвестициялық деңгейдегі рейтингісі жоғары корпорациялары мен банктері 185 млрд доллардан астам қаржы тартқан, деп жазады Financial Times.
"Нарық жаңа борышқорлық құнды қағаздарға елең ете қалады, сондықтан орналастырылған көлем күткендегіден де асып түсті", – деп атап өтті DoubleLine қоржындық басқарушы Моника Эриксон.
Apple және Microsoft секілді компаниялардың АҚШ-тан тысқары елдерде қомақты қаржы қорлары бар. Дегенмен олар ағымдық операцияларды қаржыландыру, бұрынғы шығарылған облигацияларды өтеу және инвесторларға уәде еткен акцияларды сатып алу үшін бондтарды орналастыруға мәжбүр болды. Сарапшылардың айтуынша, олар салық реформасы жүзеге асырылмайынша оған үміт арта алмайды, сондықтан нарықтағы жағдай қолайлы, биылғы жылда жаңа орналастыруларды күтуге болады.