Apple өнімдерінің негізін қалаушы Тайвань президенттігіне сайлауға түсті

368

Терри Гоу 2024 жылы Тайвань президенттігіне өзінің тәуелсіз кандидитурасын ұсынды.

Apple өнімдерінің негізін қалаушы Тайвань президенттігіне сайлауға түсті Фото: РБК

Ол бұған дейін Қытаймен тығыз қарым-қатынасты жақтайтын партиядан президент болуға тырысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Apple компаниясының ең ірі өнім жеткізушісі, Foxconn компаниясының негізін қалаушы миллиардер Терри Гоу 2024 жылғы сайлауда тәуелсіз кандидат ретінде Тайвань президенттігіне кандидатурасын жариялады.

Гоу 2019 жылы Foxconn басшысы қызметінен кетіп, кейін ел президенттігіне кандидатурасын ұсынды, бірақ қажетті дауыс жинай алмай, сайлаудан шығып қалды. Содан кейін оны Тайваньның негізгі оппозициялық партиясы, дәстүрлі түрде Қытаймен тығыз қарым-қатынасты жақтайтын Гоминьдан партиясы ұсынды.

2023 жылдың басында Гоу 2024 жылғы қаңтардағы президенттік сайлауда оппозициялық партияға қайтадан түсуге тырысты, бірақ оның орнына партия Жаңа Тайбэй қаласының мэрін ұсынды.

"Маған төрт жыл беріңіз және мен Тайвань бұғазына 50 жыл бейбітшілік әкелетініме және бұғаз арқылы өзара сенімнің ең терең негізін құрайтыныма уәде беремін", деді Терри Гоу сайлаушыларға.

Оның айтуынша, Тайваньды өз территориясы деп санайтын Қытаймен соғысты болдырмаудың жалғыз жолы – бұл елдегі Демократиялық прогрессивті партияны биліктен шығару.

Сайлау ережелері бойынша Гоу тәуелсіз кандидат ретінде тіркелу үшін 2 қарашаға дейін 300 мыңдай сайлаушының қолын жинауы керек. Орталық сайлау комиссиясы қолдарды қарап шығып, 14 қарашаға дейін оның қорытындысын жариялайды.

Сауалнамаларға сәйкес, сайлауда жеңіске жету фавориті - биліктегі Демократиялық прогрессивті партиядан президенттікке кандидат, Тайвань вице-президенті Уильям Лай. Кішкентай Тайвань халықтық партиясының өкілі Тайбэйдің бұрынғы мэрі Ко Вэнь-цзе сауалнамада екінші, ал Гоу үшінші орында келеді.

Айта кетейік, Қазақстан Тайваньның тәуелсіздігін мойындамайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу