Apple Оңтүстік Корея фирмаларымен бірге электрокар шығармақ

726

Корпорация өзі шығаратын электркарларда литий-темір фосфатты аккумуляторларды қолдануы мүмкін. 

Apple Оңтүстік Корея фирмаларымен бірге электрокар шығармақ

Америкалық Apple компаниясы электромобиль компоненттерін шығаратын Оңтүстік Корея фирмаларымен келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz

"Korea Times" басылымына сілтеме жасап. Олар бірлесе электр қозғалтқыштары бар өзін-өзі басқаратын автомобильдер өндірісін қолға алмақ. Apple компаниясының өкілдері LG, SK және Hanwa сияқты жартылай өткізгіштер мен дисплейлермен айналысатын кореялық серіктестерімен келіссөздер жүргізген.

Apple өзі шығаратын электрокарларда литий-темір фосфатты аккумуляторларды қолдануы мүмкін. Бірақ АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына байланысты Apple бұл бөлшектерді кореялық өндірушілерден сатып алуы ықтимал. 

Бұған дейін CNN арнасы Apple-дің Оңтүстік Кореяның Hyuindai Motor Company және Kia Motor брендтерімен бірлесе АҚШ-та өзін-өзі басқаратын электромобиль шығару туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын жариялаған еді. Бірақ кейінірек тараптардың мәмілеге келмегені белгілі болды.  

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу