Apple өзінің несиелік картасын шығарды

959

Apple компаниясы Goldman Sachs инвестициялық банкімен бірлесе Apple Card деп аталатын несиелік картаны шығарды.  Тамыз айының соңына дейін ол қолданысқа енгізілуге тиіс. 

Apple өзінің несиелік картасын шығарды

Бүгін Apple Card хабарландыруларына жазылғандар бұл жаңалықпен алдын ала танысуға шақырту алды. Тіркелу үшін смартфонда iOS 12.4 болуы шарт.  Сондай-ақ қолданушының мекен-жайы, туған жылы, кіріс деңгейі және әлеуметтік сақтандыру нөмірінің соңғы төрт саны енгізілуі керек. Goldman Sachs банкі сұранымды сол бойда қарап, бір минут ішінде жауабын айтады.

Жоба авторларының айтуынша, тіркелу шарттары басқа карталарға қарағанда жеңілірек. Сұранымға оң жауап берілген жағдайда виртуалды карта Apple Wallet-ке қосылады. Сөйтіп қолданушы төлемдерді Apple Pay арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ титаннан жасалған жеке картаны аламын деушілер ол үшін пошта арқылы тегін түрде тапсырыс бере алады.

Барлық параметрлер орнатылғаннан кейін, қолданушы үш карта нөмірін алады: смартфондағы байланыссыз карта нөмірі, қарапайым карта нөмірі мен Apple Pay төлемін қабылдамайтын онлайн-сатушыларға арналған виртуалды картаның нөмірі. Кез келген уақытта жаңа виртуалды несиелік картаны сұратуға болады. Картаның қарапайым нұсқасында оның қолданыс мерзімі және қауіпсіздік коды жоқ. Қалаған уақытта смартфондағы қосымша арқылы картаны бұғаттап тастауға болады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу