Apple Siri қолданушыларының әңгімесін оқитын болды

1383

Apple тұтынушылық келісімнің жаңа нұсқасын жариялады. Құжат бойынша, компания қолданушылардың әңгімесін тек мәтін түрінде оқитын болады. 

Apple Siri қолданушыларының әңгімесін оқитын болды

1 тамызға дейін компания мердігерлері дыбыстық сұранымдардың 1 пайызын тыңдаған еді. Купертинолықтардың айтуынша, деректер Siri қызметінің сапасын арттырып, тұтынушылардың не айтып жатқанын жақсырақ түсіну үшін өңделіп келген. Apple жариялаған жаңа құжат 2019 жылдың күзінде күшіне енеді. 

Бұған дейін компания қызметкерлері Apple өнімін қолданатындардың іскерлік келісімі, олардың жеке өмірі және денсаулықтарына қатысты құпия ақпаратты естіп қалып жүрген. Apple бұл жайт жайында тұтынушылар ақпаратының құпиялығы туралы құжатқа ештеңе жазбаған. Siri-де жазылған файлдардың біраз бөлігі компанияның әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан жалдамалы фирмаларына жіберіліп отырған.  Енді iOS гаджеттерінің иелері Siri-ге шектеу қойып, дыбыстық деректерді сапа бақылауына жіберуге тыйым сала алады.  

The Bell басылымының жазуынша, Яндекс те "Алиса" деп аталатын дыбыстық көмекшісі арқылы деректер жинайтынын жариялады. Дегенмен компания өкілдері қолданушылардың аты-жөнін көрмейтінін айтты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу