Apple жаңа ноутбуктерін таныстырмақшы

1146

Apple жаңа ноутбуктерін таныстырмақшы

Apple компаниясының келесі таныстырылымы 27 қазанда өтеді. Бұл туралы Recode сайтында жария болды.

Шарада көпшілік назарына жаңа MacBook Pro ноутбуктері ұсынылады деп отыр.

Соңғы рет компания ноутбуктерін 2012 жылы жаңартқан. Сол кезде жария етілген MacBook Pro-ға Retina экраны мен Force Touch қолдайтын трекпад қосылған болатын.

Bloomberg агенттігінің бұған дейінгі хабарламасында күзгі таныстырылымда iMac, MacBook Air жаңа модельдерін, сонымен қатар қанықтылығы 5K қолдайтын мониторды көрсетуі мүмкін деп мәлімдеген. Расталмаған деректерге сәйкес, жаңа MacBook Pro қазіргісінен жұқалау, пернетақтасы барынша жалпақ және қосымша ақпаратты көрсетуге арналған сенсорлық OLED-экраны болады.  

ҚазАқпарат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу