Apple жаңа өнімдерін ұсынды

251

Биылғы iPhone 16 телефондарының, AirPods құлаққаптарының және Apple Watch сағаттарының өз ерекшеліктері бар.  

Apple жаңа өнімдерін ұсынды Фото: GSM♕KING

Apple өз назарын үзілді-кесілді жасанды интеллектке аударып, көптен күткен iPhone 16 телефондарын ұсынды. Оларда жаңа функциялар аз емес. Сонымен қатар, Американың технологиялық алыбы жаңартылған смарт-сағаттары мен AirPod-ын да көрсетті.

Төменде Apple компаниясының жаңа өнімдеріне қысқаша шолу:

Apple Intelligence

Apple-дің басты ұсынысы Apple Intelligence деп жарнамаланды. Бұл функцияға кітапханадан сипаты бойынша суреттерді іздеп-табу, қолданушылық эмодзилерді жасау, электрондық хаттарды бір жерге топтастыру, ескертулерге басымдық беру кіреді. Және де Apple Intelligencе виртуалдық көмекші Apple Siri-ді жаңартып, оны біршама пайдалырақ етеді.

iPhone 16 мен камераның батырмасы

iPhone 16 Pro мен Pro Max смартфондарының дисплейлер аздап үлкендеу, чиптері қуаттырақ. Бұл артықшылықтар жасанды интеллект функцияларын орындау үшін ойластырылған.

iPhone 16 гаджетінің тағы бір ерекшелігі – камераны басқаруға арналған батырмасының формасында. Ол шертулер мен ишаратқа жауап беріп, қолданушыларға суретті жылдам түсіруге, фотоларды көруге және видеожазба бастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бұл батырма телефон иесіне визуалдық интлеллект деп аталатын функцияны қолданып, iPhone 16-ны автоматты түрде сіз түсірген суреттерді іздеуге мәжбүрлей алады.

Жаңа смартфондар қыркүйектің 20-да саудаға түседі. iPhone 16-ның бағасы 799 доллар, Plus моделінің құны 899 доллар болмақ. Ал iPhone 16 Pro 999 долларға, Pro Max 1199 долларға сатылмақ.

Жаңартылған Apple Watch

Apple Watch Series 10 пайдаланушыларға сағатты бұрыштан жақсырақ көруге мүмкіндік беретін үлкенірек әрі жарқын және кең бұрышты OLED дисплейімен жабдықталған.

Жаңа құрылғы, сонымен қатар, алғаш рет титан қаптамада ұсынылып отыр, бұл дәстүрлі материалдарға қарағанда мықтырақ, жеңілірек.

Жаңа сағаттың құны 399 доллардан басталады. Және де ол 20 қыркүйекте қол жетімді болады екен.

AirPods тыңдау құралына айналуға бейім

AirPods 4 атты жаңа версия жаңартылған чиппен жабдықталған. Соның арқасында дыбыстың сапасы жақсарып, шуды белсендірек басуға мүмкіндік туып отыр.

Егер сіз құлаққабыңызды жиі жоғалтатын болсаңыз, жаңа AirPods оны Find My қосымшасы арқылы тапқанда сигнал береді.

Жаңартылған AirPods Pro 2 болса, медициналық салаға бағытталған. Apple мәлімдегендей, бұл құрылғы есту қабілетінен аздап айрылған адамдар үшін тыңдау аппараты ретінде қызмет ете алады. Сонымен қатар, бұл гаджет есту қабілетін қорғауға көмектесетін опцияларға ие, әрі клиникалық деңгейде кереңдік деңгейін сынақтан өткізуге жәрдемдеседі.

AirPods 4 моделінің бағасы - 129 доллар. Ал оның шуды белсенді басатын версиясының нарқы - 179 доллар. Екеуі де саудаға осы айдың 20-да түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу