Apple корпорациясы 15 қыркүйекте жаңа өнімдерінің тұсаукесерін өткізеді. Бұл туралы дерек компанияның сайтында жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.
Іс-шара онлайн жүйеде Калифорниядағы кампустан таратылады. Америкалық кәсіпорын жыл сайын күзде жаңа топтамасын таныстырады. Бұл жолы қандай өнімдердің соңғы үлгісі ұсынылатыны белгісіз. Әдетте, айфон смарфтонының жаңа үлгісінің тұсауы кесіледі. Карантин кезінде аталмыш брендке деген сұраныс артқан. 19 тамызда $2 трлн көрсеткішіне қол жеткізді.
Қаперде болса, 1976 жылы құрылған Apple – iPhone және iPad-тан басқа iMac компьютерлерін, MacBook ноутбуктерін, iPod музыкалық ойнатқыштарын және басқа да жоғары технологиялық техниканы шығарады.