CNBC аналитикалық фирмасының мәліметтеріне сүйенсек, Apple өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін 90 миллионнан астам жаңа iPhone сатқан. Бұл компанияға нарықтағы үлестің 23,4% -ын әкелді.
Екінші орын 19,1% көрсеткішпен оңтүстіккореялық Samsung компаниясына тиесілі. Ол осы уақыт аралығында 74 млн смартфон сатқан.
"Алма" компаниясының жалпы тоқсандық кірісі алғаш рет 100 миллиард доллардан асып, оның ішінде iPhone сатылымынан түскен табыс 65,6 миллиард долларды құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу