Апта басынан бері Brent бағасы 13%-ға өсті

940

WTI 21%-ға қымбаттады.

Апта басынан бері Brent бағасы 13%-ға өсті

Лондонның ICE Futures биржасында шілде айындағы Brent маркалы мұнайының фьючерсі бір баррель үшін 29,94 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,48 долларға (1,63%) жоғары. Ал бейсенбі, 7 мамыр күнгі сауданың нәтижесінде шілде фьючерстері барреліне 29,46 долларға дейін, 0,26 долларға (0,9%) арзандады.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) электронды сауда-саттықта осы уақытта 0,49 долларға (2,0%) – баррель үшін 24,04 долларға дейін көтерілді. Өткен сауда-саттықтың жабылуында келісімшарт бағасы барреліне 23,55 АҚШ долларын құрап, 0,44 долларға (1.8%) төмендеді.

Апта басынан бері Brent бағасы 13%-ға, WTI 21%-ға қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу