Апта басында теңге 0,5 пайызға төмендеді

926

Доллар 2 теңгеге нығайды. 

Апта басында теңге 0,5 пайызға төмендеді

9 тамыздағы таңғы саудада ұлттық валюта долларға қатысты 2,06 теңгеге құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстан қор биржасы ұсынған мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ал түскі 15:30-дағы сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 426,38 теңгеге тұрақтады. Яғни, таңғы саудамен салыстырғанда еш өзгеріссіз қалды.

Kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы 426,10 теңге, сату - 427,61 теңге.  Нұр-Сұлтандағы айырбастау пунктерінде америкалық валюта орташа есеппен 425,79 теңгеден сатып алынса, 426,95 теңгеден сатылуда. 

Ұлттық банктің  7-9 тамыз аралығындағы доллар бойынша ресми бағамы 424,32 теңгені құраған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу