Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499-505 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 500 теңге. Еуро 522-527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 505 теңге, сатып алу құны – 499 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,32-5,44 аралығында саудаланып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу