Апта ішінде қазақстандық бірқатар акция қымбаттады

1011

Қазақстанның қор биржасында 28 қыркүйек  пен 5 қазан аралығында бірқатар қазақстандық акция қымбаттады.

Апта ішінде қазақстандық бірқатар акция қымбаттады

Аталған кезеңдегі сауда қорытындылары бойыншакотировкалардың бағасы өсті. Халық банкінің акциялары 6,87%, ал ЦентрКредит банкінің акциялары 1,45%-ға қымбаттады, деп жазады LS.

Мұнан кейін бәсі жоғарлағандардың қатарында "ҚазТрансОйл" компаниясының құнды қағаздары тұр. Олар 3,84%-ға қымбаттап, 1300,02 теңгеге жетті. Сондай-ақ "Қазақтелеком" бағалы қағаздары да "салмақ" қосты (+1,59%).

Ал қалған котировкалар аптаны минуспен аяқтады. Атап айтқанда мұндай өзгеріс Kcell (-1,21%), KEGOC (-0,76%) және KAZ Minerals (-0,18%) акцияларында байқалды.

Жалпы алғанда KASE индексі апта қорытындысы бойынша 1,65%-ға өсіп, 2231,61 пункті құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу