Жұма күнгі саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бейсенбімен салыстырғанда 1%-ға (4,7 теңгеге) әлсіреді және 1 долларға 446,87 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.
Бейсенбіде орташа сараланған бағам 1 долларға 442,17 теңге болды.
17:00-де шетел валюталарымен сауда-саттық аясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы 446,91/$1 болды. Ең төменгі мөлшерлеме – 445/$1, максимум – 448,5/$1, жабу курсы – 446/$1.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу