Шымкентте 2 маусым күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады, өрт тұтану қаупі жоғары.
Абай облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында 2-3 маусымда 35-37 градусқа дейін ыстық болады. Өрт тұтану қаупі жоғары.
2 маусымда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
2 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
2 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
2 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысында күндіз облыс орталығы мен шығысында 15-20 м/с, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с жел соғады. Өрт тұтану қаупі жоғары.
Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
2-3 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың солтүстік, батыс, таулы және тау баурайындағы аймақтарында шығыстан 15-20 м/с жел соғады, 2 маусымда екпіні 23 м/с болады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
2 маусымда Ұлытау облысының көп бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыс орталығында төтенше өрт тұтану қаупі сақталады.