"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы 2025 жылғы 8 мамырда, бейсенбіде елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Оңтүстік циклонның жүруіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыс өңірде нөсер жаңбыр болады... Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық болады", – "Қазгидромет" РМК.