Өрттің бірі Батыс Қазақстан облысында, екіншісі Ұлытау ұлттық паркінің аумағында тіркелген. Батыс Қазақстандағы өрт ошағы "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің әуе патрульдеуі кезінде анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпарат түскен бойда орман шаруашылығы қызметкерлері мен қажетті техника оқиға орнына жіберілді. Өртті сөндіруге әуе өрт сөндіру десантшылары және мемлекеттік орман күзетінің мамандары тартылды.
Министрлік мәліметінше, аптап ыстық пен найзағайға байланысты ел аумағында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.
Осыған байланысты орман күзеті күшейтілген режимге көшіп, әуе және жерүсті патрульдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.