Аптап ыстық пен жел Абай облысындағы өртті сөндіруге кедергі жасап отыр

1106

Абай облысындағы орман өртіне қатысты соңғы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аптап ыстық пен жел Абай облысындағы өртті сөндіруге кедергі жасап отыр Фото: ТЖМ

"Абай облысы Семей резерватындағы орман өрті бойынша қазір жағдай тұрақты. Таң атқалы өртті барлау жұмысы жүріп жатыр. Қазір тілсіз жаумен күреске 8 тікұшақ жұмылдырылып, өрт сөндіріліп жатыр", - дейді Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов.

Оның айтуынша, жұмыс барысына күннің ыстығы, жел кедергі келтіріп, орманның ішкі жағына кіруде қиындық бар.

"Өрт сөндіру жұмысына барлық құзырлы мекемелер тартылды. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы мамандары, Қорғаныс министрлігінің жеке құрамы, тағы басқалар бар", - дейді өртке қарсы қызмет комитетінің басшысы.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан қосымша 200 әскери қызметші мен 8 техника отпен күреске жіберілгенін атап өтті.

"Принебесное, Успенка, Каштак, Талица ауылдарында өрт сөндіру жалғасып жатыр. Жетісу, Алматы, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Қарағанды қалаларынан қосымша күш келеді. Бүгін таңертең "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 200 әскери қызметші мен 8 техника жұмылдырылды. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар облыстық және республикалық штабта жедел желі ұйымдастырылған. Таңғы сағат 7-де аэровизуалды барлау жүргізілді", - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу