Аптап ыстық: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

447

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Аптап ыстық: синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады Фото: NewTimes.kz

Синоптиктер 11 шілдедегі ауа райына байланысты елдің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп жазады inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде 43 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 11 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Жетісу облысының орталығында, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – секундына 15-20 метр. 11-12 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте үш күн қатарынан аптап ыстық. 11 шілдеде ауа температурасы – 36-39 градус.

Шығыс Қазақстан облысының түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында күн күркірейді. Жел солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – секундына 15-20 метр. 11-12 шілдеде өңірдің оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының басым бөлігінде 35-38 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

11-13 шілде күндіз Ақмола облысында 35-38 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.

Петропавлда күндіз 36-38 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында – 15-20, екпіні – 23 м/с. 11-12 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында күн күркірейді. Облыстың басым бөлігінде 35-39 градус ыстық. 11-12 шілдеде Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстікгінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысында, солүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні - 25 м/с. Күндіз облыстың шығысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

11-12 шілдеде Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Абай облысының орталығында, оңтүстік-батысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық. Жоғары өрт қаупі сақталады.

11-13 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 35-38 градус аптап ыстық.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл соғады. Күндіз 40-43 градус қатты ыстық сақталады. 11-13 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Елордада 11-13 шілде аралығында күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу