Аптап ыстық, жаңбыр және бұршақ: елде дауылды ескерту жарияланды

143

Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілсе, бірқатар облыста жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.  

Аптап ыстық, жаңбыр және бұршақ: елде дауылды ескерту жарияланды Фото: magnific

"Қазгидромет" РМК 1 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Астана қаласында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Шымкентте өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Ал Алматыда күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар оңтүстік және орталық өңірлерде аптап ыстық сақталады. Түркістан облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілсе, Жамбыл облысында 38-40 градус, Қарағанды облысының оңтүстігінде 35-39 градус ыстық болады. Абай, Павлодар, Алматы және Жетісу облыстарында да 35-38 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу