Аптап ыстыққа байланысты Ертіс орманына кіруге шектеу қойылды

199

Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорында өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі, яғни 5-класты деңгей жарияланған.

Аптап ыстыққа байланысты Ертіс орманына кіруге шектеу қойылды Фото: kaz.inform.kz

Орманшылар мемлекеттік орман қоры –  ұлттық байлық екенін әрі ол маңызды экологиялық қызмет атқаратынын атап өтті. Кез келген абайсыз әрекет табиғи ресурсқа елеулі материалдық шығын әкелуі ықтимал, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өңірде мамыр айының соңынан бері тұрып алған аптап ыстыққа байланысты "Ертіс орманы" резерватының аумағына енуге тыйым салынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорында өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі, яғни 5-класты деңгей жарияланған.

"Ыстық әрі құрғақ ауа райына байланысты Павлодар облысының аумағында орман өрттерінің тұтану қаупі айтарлықтай артып отыр. Орман өрттерінің алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау мақсатында мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіптілігінің IV және V сыныптары белгіленген кезде азаматтар мен көлік құралдарының резерватқа кіруіне, сондай-ақ орман қорғау қызметтерінің қызметіне қатысы жоқ жұмыстарды жүргізуге толықтай тыйым салынады", – деп хабарлады "Ертіс орманы" резерватынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу