Аптап ыстыққа байланысты тасжолдарда полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуде

126

Ел аумағында күн райы 40 градустан жоғары температураны көрсетіп тұр.

Аптап ыстыққа байланысты тасжолдарда полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуде Фото: polisia.kz

Ақмола облысында полиция қызметкерлері аптап ыстықта жолға шыққан жүргізушілерге су ұсынып, жол қауіпсіздігіне мұқият болуға шақыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Көлік жүргізіп келе жатып шаршау немесе ұйқы қысу сезілсе, жол шетіне тоқтап, тынығып алған жөн. Жүргізуші мен жолаушылардың өмірі – басты құндылық. Күннің қатты ысуына байланысты біз беті-қолды жууға немесе салқындауға көмектесу үшін су ұсынып жатырмыз, – деді Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының 1-взвод командирі Айбек Төлеубаев.

Полиция қызметкерлері алыс сапарға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жай-күйін мұқият тексеруге және жолда тәртіп ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ олар азаматтарды өз денсаулығына да жауапкершілікпен қарауға шақырады.

– Құрметті жүргізушілер, сіздерді үйде отбасыңыз күтіп отыр. Сондықтан жолда асықпай, демалып отырыңыздар. Полиция әрқашан сіздермен бірге, – деп атап өтті взвод командирі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай алдын алу шаралары, әсіресе аптап ыстық күндері маңызды. Полиция тұрғындарды жолда абай болуға және жақындарын қауіптен сақтандыруға үндейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу