Аптап ыстықта Шардараның кей шағын аудандары ауыз сусыз қалды

251

Бір аптадан бері су болмаған.

Аптап ыстықта Шардараның кей шағын аудандары ауыз сусыз қалды Фото: Kazinform

Шардара қаласы тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бас су торабы мен су айдағыш насостарда және су жинақтағыштарда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты кейбір шағын аудандарда ауыз су беру тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Әлеуметтік желіде Шардара ауданының кей бөлігінде ауыз судың тоқтап қалғаны жайында ақпарат тарап жатыр. Мәселен, Дәурен Абдраманов есімді қоғам белсендісі судың бір аптадан бері болмағанын жазды.

"Шардара қаласында әкімдік, әкім, мемлекеттік қызметкер дегендер бар ма өзі? Аптадан асты, ауыз су көп жерде жоқ" - делінген автордың жазбасында.

Ал аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан берілген жауапта ауыз судың жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты тоқтатылғаны айтылған.

"Шардара қаласы тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған бас су торабы мен водозаборда су айдағыш насостары мен су жинақтағыш резервуарларына жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты кейбір шағын аудандарда ауыз су тоқтатылып жатыр. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған соң ауыз су тұрақты берілетін болады. Болып жатқан жағдайларға байланысты сабырлық сақтауларыңызды сұраймыз!" - делінген әкімдікке қарасты бөлім тарапынан жазылған ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу