Аптап ыстықтан Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар көтеріліп кетті

Тасжолдан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады. 

Аптап ыстықтан Алматы-Қорғас тасжолында бетон плиталар көтеріліп кетті Фото: видеодан скриншот

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің ақпаратынша жағдай 8 маусым күні шамамен кешкі сағат 20:25-те оңтүстік бағыттағы жолдың 190-шы шақырымында болған. 

"Жолдың жүру бөлігінде цемент-бетон жабыны көтеріліп кетті. Бүгінгі күні жоғарыда аталған олқылықты жою жұмыстары аяқталды. Көліктердің қауіпсіз қозғалуы қамтамасыз етілді", – деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу