Осылайша, Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жүру жылдамдығы уақытша төмендетіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Компания таратқан мәліметке сәйкес, соңғы күндері ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы күрт көтерілген.
"Өзгидромет" деректеріне қарағанда, республика аумағының едәуір бөлігін ыстық ауа ағыны басып, күн райының қалыпты көрсеткіштен айтарлықтай жоғарылауы байқалып отыр. Осыған байланысты жолаушылар мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының тұрақты әрі сенімді жұмысын сақтау мақсатында бірқатар бағытта пойыздардың жүру жылдамдығына уақытша шектеулер енгізілмек.
"Осыған байланысты кейбір пойыздар кестеде көрсетілген уақыттан кеш жетуі мүмкін. Жолаушылардан аталған жағдайды түсіністікпен қабылдауды сұраймыз. Қабылданған шаралар, ең алдымен, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", – делінген "Temiryo‘lekspress" АҚ мәлімдемесінде.
Теміржол компаниясы туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрап, қауіпсіздік мәселесі әрдайым басымдыққа ие екенін атап өтті.
Жаза кеткен жөн, Орталық Азия елдерінде соңғы күндері аптап ыстық күшейіп, кей өңірлерде ауа температурасы +40 градустан асып отыр. Мамандар мұндай жағдайда теміржол рельстері мен инфрақұрылым нысандарының шамадан тыс қызуы қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін екенін айтады.