Аптап ыстықтан Жерорта теңізінің суы жылыды

137

Шілденің басында Жерорта теңізі 6 градусқа жылыды.  

Аптап ыстықтан Жерорта теңізінің суы жылыды Фото: severe-weather.eu

Еуропалық одақ жанындағы Коперник атындағы климат орталығынының ғалымдары өткен айда зерттеу жасап, нәтижесін жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Әсіресе теңіздің Испания мен Франция бөлігіне қарасты тарапы қатты ысыған. Ол жақта әдеттегі 24 градус 30 градусқа дейін көтерілді. Судың жылынуына аптап ыстық әсер еткен.

Сарапшылар: "Бұл құбылыс теңіздің экожүйесіне теріс әсер етуі мүмкін", – дейді.

Яғни теңіз түбіндегі маржандар, балдырлар және балық пен ұлудың кейбір түрлеріне күйіп кету қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу