AQR екінші кезеңінің нәтижелері ақпанда жарияланады

995

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов активтер сапасын бағалау қорытындылары қашан банктер назарына ұсынылатынын айтты.  

AQR екінші кезеңінің нәтижелері ақпанда жарияланады

Екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын бағалаудың (AQR) бірінші кезеңі аяқталды. Енді әрбір банк бойынша жоспарлар қаржы реттеушісіне мақұлдауға жіберілетін болады. Аталған процесс 2020 жылғы 15 ақпанға дейін аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов айтты.

"Қорытынды нәтижелерге қарай ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жеке шараларды әзірлеуге және банктермен талқылауға кіріседі", – деді ол.

Нұрлан Әбдірахмановтың айтуынша, активтердің сапасын бағалаудың екінші кезеңінің нәтижелері 2020 жылы 28 ақпанда  жарияланады. Сонымен қатар  AQR қорытындысы бойынша банктердегі бизнес процестерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірленеді.

"Банктер активтерінің сапасын бағалау қорытындылары бойынша есеп дайындалды. Онда қолданылған тәсілдің жалпы сипаттамасы, активтердің сапасын бағалау нәтижелері және одан кейінгі іс-әрекеттер жоспары қамтылған", – деді Нұрлан Әбдірахманов.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылғы 1 тамызда басталған AQR-ға 14 ірі банк қатысты. Олардың  үлесіне жалпы Қазақстан банктеріндегі несие портфелінің 90%-ы тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу