"Ар адамы. Бауыржан": Астанада деректі драманың премьерасы өтті

115

Туындыда Бауыржан Момышұлының қайраткерлік тұлғасы, жауынгерлік рухы, әділет пен адамгершілікке деген биік мұраты сахналық тілмен бейнеленген.  

"Ар адамы. Бауыржан": Астанада деректі драманың премьерасы өтті Фото: gov.kz

Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай Астана қаласының Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Ар адамы. Бауыржан" деректі драмасын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

"Ар адамы. Бауыржан" деректі драмасы – адамзат тарихындағы ең ауыр Екінші дүниежүзі соғысы жылдарындағы қасірет пен ерліктің, ар-намыстың және отансүйгіштіктің көркем шежіресі. Мәскеу түбіндегі шайқастар, Волоколамск тас жолындағы ұрыстар, Панфилов дивизиясының "Гвардия" атағына ие болуы сияқты тарихи оқиғалар қойылымда көрініс береді.

Деректі драма жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім, адалдық, намысшылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіретін, шынайы батырлықтың бейнесін көрсететін көркем туынды. Бұл қойылым – ұлт тарихын танудың және ұлы тұлғалардан тағылым алудың жарқын үлгісі.

Іс-шараға батырдың отбасы мүшелері, туындының режиссері және авторы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу