Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты – Мемлекет басшысы

241

Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады.  

Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты – Мемлекет басшысы Фото: Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында әскердегі сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. 

"Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу