Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды

178

Биыл бағдарламаға 2008-2025 жылдар аралығында туған 6 млн 900 мыңнан аса бала қатысты.  

Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды Фото: gov.kz

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа толмаған әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасына сәйкес жиналатын ақша өмірдегі маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге пайдаланылады. Мәселен, қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 19 млн доллар тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталды. Тағы 11,9 млн доллар – 78 мың өтінім бойынша балалардың білім алуға байланысты қажеттіліктеріне жұмсалды.

Бағдарлама тетігі цифрландырылған және барынша ашық.

Ата-аналар өз баласының жүйеде бар-жоғы мен жинақ қаражатын бірнеше тәсілмен тексере алады:

  • Мамандандырылған kids.enpf.kz сайты (баланың ЖСН бойынша) арқылы;
  • eGov.kz порталындағы жеке кабинеті арқылы;
  • Halyk, Kaspi.kz және Bcc.kz мобильді қосымшалары арқылы.

Ескеретін тағы бір жайт: бала 18 жасқа толғанда жиналған сома БЖЗҚ-дағы арнайы шотқа аударылып, жинақтарды электронды цифрлы қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен тек алушының өзі ғана көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу