Әр бесінші ауылда білім беру нысандары жөндеуді қажет етеді – Мәулен Әшімбаев

472

3,5 мың ауылда ғана дамуға қажетті әлеует бар.

Әр бесінші ауылда білім беру нысандары жөндеуді қажет етеді – Мәулен Әшімбаев Фото: Мария Матвиенко

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдауда ауыл дамымай, мемлекет дамымайтынын тілге тиек етіп, былтырдан бері "Ауыл – ел бесігі" жобасы жүзеге асырылып жатқанын, нақты нәтиже бар екенін, алайда жағдай түбегейлі жақсарып кетпегенін айтты. 

"Елімізде 6 322 ауыл бар. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша, 
оның 3,5 мыңында немесе 56%-да ғана дамуға қажетті әлеует бар", – деді сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, ауылдар әлеуметтік әрі тұрмыстық жайлылық инфрақұрылымы жағынан артта қалып отыр. Әлі күнге дейін ауыз суды тасып ішетін ауылдар бар. 

"Жағдай түбегейлі жақсарып кетті деп айта алмаймыз. Ауылдардың 69%-ы интернетке қосылған деген мәліметті естіп жүрміз. Бірақ интернет бар жерлердің өзінде байланыс сапасы сын көтермейді. Әр бесінші ауылда білім беру нысандары жөндеуді қажет етеді. Денсаулық сақтау мекемелерінің де жағдайы мәз емес, олардың үштен біріне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Кадр тапшылығы да үлкен мәселе", – деді Мәулен Әшімбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу