"Әр қаза – бүкіл еліміз үшін орны толмас ауыр қайғы"

1460

Мемлекет басшысының шешімімен коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Соған байланысты бүгін барша қазақстандық аза тұтуда.

"Әр қаза – бүкіл еліміз үшін орны толмас ауыр қайғы"

Сенат депутаттары жұқпалы дерттен көз жұмған жандардың туыс-туғандарын көңіл айтып, қайғыларына ортақ екендіктерін жеткізді.

"Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Осы дерттің салдарынан болған әр қаза – бүкіл еліміз үшін орны толмас ауыр қайғы. Көз жұмған жандардың қатарында зиялы қауым өкілдері, мемлекет қайраткерлері және соңғы демі қалғанша өзгенің өміріне араша түсіп, күресіп өткен дәрігерлеріміз бар. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен аппараты індеттен құрбан болған азаматтардың туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады!",– деп жеткізеді ұжымның сөзін Сенаттың баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу