Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің дерегі бойынша 28 қыркүйекке дейін елімізде 18 млн 609,5 мың тонна астық орылған. Егіннің орташа шығымы гектарына 12,4 центнерден келеді.
"Егін егілген алқаптың 95,1%-і орылды. 15 млн 15,5 мың тонна дәнді және дәнді-бұршақты өнім алынды. Жалпы 18 млн 609,5 мың тонна астық бастырылған. Өткен бір тәуліктің өзінде ғана диқандар 190,7 мың тонна астық алды", – деп жазады Еldala.kz сайты.
Сайттың мәліметіне сенсек, Республиканың ең астықты өлкесі саналатын үш облыста да егісті алқаптың 95 пайызы орылып үлгерген.
"Ақмола облысында бүгінде 4756 мың тонна астық бастырылды. Шығым - 11,2 ц/га. Солтүстік Қазақстанда 4252 мың тонна астық бастырылды. Шығым - 14,8 ц/га. Қостанай облысында 3855,1 мың тонна астық бастырылды. Шығым – 10 ц/га", – деп жазылған мақалада.
Есжан Ботақара