Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты.
Отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді мұндай проблемалармен бетпе-бет қалдыруға болмайды.
Осыған байланысты Премьер-министр Әлихан Смайылов мына мәселелерді атап өтті:
- Бірінші. Оқу-ағарту министрлігі 2025-ші жылға дейін әр облыста Балаларға арналған психологиялық қолдау орталықтарын ашу жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс.
- Екінші. Өңір әкімдіктері Мәдениет, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге жаңа Отбасын қолдау орталықтарын, сондай-ақ наркологиялық мекемелерді ашуды қамтамасыз етуі қажет.
- Үшінші. Денсаулық сақтау министрлігі психотерапевтер мен наркологтарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесін пысықтауы керек.
- Төртінші. Ішкі істер, Мәдениет министрліктері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты қабылданған түзетулер бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруы қажет.
- Бесінші. Мәдениет және ақпарат министрлігі осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу