Әр өңірде интернет сапасын өлшейтін қондырғылар бар

822

Алайда ол тек мобильді желілердің жылдамдығын анықтай алады.  

Әр өңірде интернет сапасын өлшейтін қондырғылар бар

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин тұрғылықты жеріңіздегі интернет сапасын жазбаша өтініш жазу арқылы анықтауға болатынын айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Интернеттің сапасын арттыру үшін біз арнайы қондырғы сатып алдық. Бұған дейін республика бойынша 6 қондырғы болатын. Қазір әр өңірде 1 қондырғыдан, жалпы саны 17 қондырғы бар. Олар әр облыс орталығында тұр", – деді министр.

Бұл ретте министр жұмыс сапарымен Түркістанға кетіп бара жатып 2 ауылға кіріп, интернет сапасын тексергенін жеткізді. Оның айтуынша құрылғылар аталған елдімекендерде интернет әлсіз екені анықтаған.

"Осы өлшем қорытындысы бойынша KCell компаниясына айыппұл салдық. Интернет ұсынушы компанияға келеңсіздікті жою үшін 2 ай уақыт берілді. Егер кемшіліктер уақытында түзетілмесе бұдан да қатаң шаралар қабылдауға құқылымыз. Бірақ тұтынушылар интернет сапасына байланысты шағымды желі арқылы емес, жазбаша өтішін түрінде жазуы керек. Кейін тексеріс тағайындалады", – деді Бағдат Мусин.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу