Әр порталға бір-бір өтінімнен берудің қажеті жоқ – Біржан Нұрымбетов

843

Жұмысшылар жіберген өтініш қабылданбайды.

Әр порталға бір-бір өтінімнен берудің қажеті жоқ – Біржан Нұрымбетов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов
жұмысшыларға жұмыс берушінің назарынан тыс, өз бетінше өтінім берудің қажеті жоқ екенін айтты. 

"Жұмысшылардың өздері жіберген өтініш қабылданбайды. Басқаларға кедергі жасамауыңызды сұраймыз. 42500.enbek.kz порталынан өз мәртебелеріңізді бақылай аласыздар. Өтініштің берілгені және қай сатыда қаралып жатқаны туралы мәлімет ала аласыздар. Ал жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар өтінішті өздері береді. Олар екі порталды қосымша "Электронды үкіметтің" telegram-bot-тарын пайдалана алады. Басқа азаматтар – жеке тұлғалар осы порталдар арқылы және Телеграм-бот арқылы өтінім бере алады. Сіздерге қойылатын бір ғана шарт – жұмыстарыңыздың тоқтап тұрғаны. Оны аудандық штабтар мен салық комитеті тексереді. Егер кәсібіңіз тоқтамаса, өтініш берудің қажеті жоқ", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Айта кетейік, ертеңнен бастап, egov.kz пен 42 500.enbek.kz порталдары мен 
телеграм-боттар өтініш қабылдауды бастайды. 

"Каспий банк пен Халық банктің қосымшалары әлі дайын емес. Дайын болғасын, олар да бірден іске қосылады. Сіздерден бір ғана өтініш беруді сұраймыз. Әр порталға бір-бір өтінімнен берудің қажеті жоқ. Бәрібір екінші өтініш қабылданбайды, бірақ ол порталдарға салмақ салуы мүмкін. Басқа азаматтардың өтініш беруіне кедергі келтірмеңіздер", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу