Әр салымшының зейнетақы шотында 1,09 млн теңге жатыр

2495

БЖЗҚ қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы мәлімет берді. 

Әр салымшының зейнетақы шотында 1,09 млн теңге жатыр

2020 жылдың бірінші ақпанындағы дерек бойынша, Бірыңғай зейнетақы жинақ қорының міндетті зейнетақы салымындағы жеке шоттардың әрқайсында орта есеппен 1,09 млн теңге жатыр. Қордың баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.

Бұл өткен жыдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 11% көп. Салымшылардың жынысына қарай жіктесек, ерлердің салымы көбірек. Әр ер адамның шотына орта есеппен 1,2 млн теңгеден келеді. Әйел салымшылардың шотына 949 мың теңгеден келеді. Онымен бірге міндетті кәсіби зейнетақы салымындағы орташа жинақ мөлшері 509 мың теңге болса, ерікті зейнетақы салымының орташа сомасы 48,5 мың теңгені құраған.  

"Бұл ортақ сандар зейнетақы шотына ақша аударып бастағандар мен 20 жылдан бері жинаққа ақша салып келе жатқан адамдардың шоттарындағы ақпараттан алынды. Биыл Қазақстан жинақтық зейнетақы жүйесіне көшкеніне 22 жыл толмақ. 1998 жылдан бері үздіксіз зейнетақы салымына ақша аударып келген адамдардың шотында орта есеппен 5,3 млн теңгеден жатыр", – деп жазады қордың баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу