"Әр сенбі сайын халық үшін ашық": Қырғыз елі жаңа Ақорда салып алды

540

Бішкекте Президент әкімшілігі мен министрлер кабинетінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.

"Әр сенбі сайын халық үшін ашық": Қырғыз елі жаңа Ақорда салып алды Фото: vb.kg

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров жаңа "Ақ үйді" "Ынтымақ-Манас Ордо" деп атады. Алайда, ресми ақпаратта ғимарат атауынан "Манас" сөзі алып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Президент "Ынтымақ Ордо" тек әкімшілік нысан ғана емес, сонымен бірге, достыққа, бірауыздық пен дамуға шақырудың сәулеттік символы екенін атап өтті. Садыр Жапаров министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровқа және мемлекет басшысының іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаевқа Президент әкімшілігінің ғимаратын салу жобасын жүзеге асырғаны үшін алғысын білдірді.

"Әр сенбі сайын жаңа Ақ үй есігі барлығына ашық болады. Кіру үшін тек төлқұжат қажет. Төрт қабатты ғимаратта 426 кабинет бар, оның ішінде банкет пен екіжақты кездесулер залдары бар. Кабинеттер негізгі мемлекет қайраткерлері, оның ішінде Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасарлары арасында бөлінд", – деді экскурсия барысында Президент басқармалары.

Бұзылған "Ыстықкөл" қонақ үйінің орнында жаңа "Ақ үй" 2022 жылдың көктемінде салына бастады, 2023 жылдың 31 тамызына дейін аяқтауға уәде берілген еді. Алайда құрылыс жұмыстары, министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаровтың айтуынша, жұмысшылардың жетіспеушілігінен межелеген уақытта бітпеді.

Президент Әкімшілігінің жаңа ғимаратын салу құны, сондай-ақ, оның инвесторлары мен мердігерлері туралы ақпарат жабық күйінде қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу