Әр студент жасанды интеллект курсынан өтеді – Саясат Нұрбек

181

Қазақстанда AI-Sana бағдарламасы аясында бакалавриат деңгейіндегі әрбір студент жасанды интеллект (ЖИ) курстарынан өтуге міндетті болады, деп жазады inbusiness.kz сайты.    

Әр студент жасанды интеллект курсынан өтеді – Саясат Нұрбек Фото: informburo.kz

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлімдеді.

– Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан AI-Sana бағдарламасының негізгі мақсаты – студенттерді жасанды интеллектіні экономиканың түрлі саласында қолдануға үйрету, кәсіпкерлікке және стартап ашуға бейімдеу. Биылғы ақпан айынан бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындарының студенттері ЖИ курстарынан өтеді. Арнайы сертификаттық бағдарламаларды Google, Nvidia, Huawei және Astana Hub әзірлеген. Бүгінде бакалавриаттағы 650 мың студенттің 429 мыңнан астамы мен 3 мыңнан аса оқытушы ЖИ бойынша сертификат алды, – деді министр.

Министрдің айтуынша, бағдарлама 4 кезеңнен тұрады. Студенттер Coursera, Huawei және Astana Hub платформаларында жасанды интеллект негіздерін меңгереді.

Арнайы бағдарлама арқылы кәсіпкерлік пен ЖИ-ді түрлі жобаларда қолдану тәсілдерін үйреніп, жаңа идеяларды дамытуға машықтанады.

Өз жобаларын жасап, менторлар мен сарапшылардың қолдауымен жетілдіреді. Үздік жобалар стартапқа айналып, халықаралық деңгейге шығу мүмкіндігіне ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу