Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар

381

Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі – 404,8 мың адам.

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысы аясындағы білім беру бойынша кезекті жинақты ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz бюроға сілтеме жасап.

Әр төртінші қазақстандықтың жоғары білімі бар

2021 жылғы санақ кезінде 3,7 млн адамның жоғары білімі, 4,1 млн адамның арнайы орта білімі, 4,9 млн адамның орта білімі болды.

2009 жылғы санақпен салыстырғанда жоғары білімі бар халықтың үлесі 19,8%-дан 2021 жылы 27,6%-ға дейін өсті.

Өңірлердің ішінде жоғары білімі бар халықтың ең көп саны Алматы облысына тиесілі – 404,8 мың адам. Әрбір өңірдегі жоғары білімі бар халықтың үлесі бойынша Астана қаласы көш бастап тұр – елорда халқының 25,5% ЖОО бітірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу