Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді

129

Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, ұрланған мал табылды.

Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді Фото: iapn.kz

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Мұстафин кентінде мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері 26-35 жас аралығындағы күдіктілердің шаруа қожалықтарының бірінен "Гольштейн" тұқымды сиырды ұрлап кеткенін анықтады. Жәбірленуші келтірілген шығынды 1 млн теңге деп бағалады.

Ұсталғандар өз кінәларын мойындап, ұрланған мал табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Полиция бөлімінің қызметкерлері осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында қожалық иелеріне сақтық шараларын күшейтуді ұсынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу