Араб елдері атыс аяқталғаннан кейін Газаға әскер жібермейді

622

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ пен Еуропа қақтығыс аяқталғаннан кейін аймаққа халықаралық бітімгершілік күштерді енгізбек.  

Араб елдері атыс аяқталғаннан кейін Газаға әскер жібермейді Фото: Reuters

Газа секторындағы атыс аяқталғаннан кейін араб елдері анклавтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол жерге әскер жібермейді. Иордания СІМ басшысы Айман Сафади Бахрейндегі аймақтық қауіпсіздік конференциясында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты New York Times басылымына сілтеме жасап.

"Күн сайын бірнеше адам қаза тауып жатыр. Израильдің әрекетінен кейін сол жерге келіп әртіп орнатуымыз керек пе? Жоқ, біз олай істемейміз", – деді Сафади.

Кездесуде Бахрейн Сыртқы істер министрі Абдуллатиф әл-Зайяни мен БАӘ дипломатиялық кеңесшісі Анвар Гаргаш та қатысты.

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ пен Еуропа қақтығыс аяқталғаннан кейін аймаққа халықаралық бітімгершілік күштерді енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу