Араб елдері Катармен дипломатиялық қатынасты үзді

1823

Араб елдері Катармен дипломатиялық қатынасты үзді

Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері Катармен дипломатиялық қатынасты үзді. Олар Катарға террорлық топтарды, соның ішінде ДАИШ-ті қолдап, аймақтағы тұрақтылықты бұзып отыр деген айып тағуда деп хабарлайды egemen.kz.

Саудияның SPA ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Эр-Рияд Катармен арадағы шекараны жауып, жердегі, теңіздегі және әуе қатынастарының бәрін үзді. Осылайша Доханы айтарлықтай оқшаулап тастады. Агенттік сөзін келтірген сауд үкіметі өкілінің айтуынша, бұл қадамдар елдің ұлттық мүддесін терроризм мен экстремизм қауіптерінен қорғау мақсатында жасалып отыр.

ВВС бұл жағдайды Парсы шығанағындағы ықпалды және АҚШ-пен одақтас елдер арасындағы аса ірі текетірес деп бағалайды. Бұдан екі апта бұрын аталған төрт ел Катардың ақпарат сайттарын бұғаттап тастаған болатын. Ол кезде интернетте Катар әмірі Шейх Тамим бин Хамад әл-Танидың Сауд Арабиясын сынағаны туралы материалдар пайда болған-ды. Алайда, Катар өкіметі оларды жалған деп мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу